2016 жылғы 31 тамыз, Астана, Үкімет Үйі
«Инвестициялық омбудсменді тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы №1071 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Инвестициялық омбудсменді тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы №1071 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 72-73-74, 540-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек инвестициялық омбудсмен болып тағайындалсын.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ